Тәжікстанда Google мен Facebook салық төлеуші ретінде тіркелді

5 Наурыз 2021, 06:22
1582
Бөлісу:
Тәжікстанда Google мен Facebook салық төлеуші ретінде тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Google Тәжікстанда Facebook-тен кейінгі салық төлеуші ретінде тіркелді, деп хабарлайды РИА Новости.

Google және Facebook Ireland Ltd 3 наурызда салық комитетінде шетелдік компаниялар көрсететін электронды қызметке салық төлеуші ретінде тіркелді,-деп хабарлады елдегі Салық комитеті баспасөз қызметі өкілдері. 

Электронды қызмет көрсететін шетелдік тұлғалар республика бюджетіне қосылған құн салығын төлеуі қажет. Заң 17 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл Тәжікстан жеке тұлғаларына ақпарат сататын шетелдік қызметтерге қатысты.

 

Заң бойынша, шетелдік компаниялар салық органдарында электронды қызмет көрсете бастаған уақыттан 20 күнтізбелік күн ішінде тіркелуге міндетті. Кейіннен декларация салық органдарына салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы беріледі, ол ағылшын тілінде қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы