Тайландта 318 қазақстандық демалуда – Туристік қамқор

4 Қаңтар 2019, 10:42
2025
Бөлісу:
Тайландта 318 қазақстандық демалуда – Туристік қамқор

Астана, BAQ.KZ. Турларды электронды тіркеу деректеріне сүйенсек, Тайландта 1-7 қаңтар аралығында 318 қазақстандық болады. Бұл туралы «Туристік Қамқор» компаниясы BAQ.KZ тілшісіне хабарлады.

 Тайландта демалып жатқан қазақстандықтарға дауыл туралы ескертілді.

Тайландтың танымал курорттарында, оның ішінде Пхукет, Краби және Самуиге «Пабук» деп аталатын жойқын дауыл келе жатыр.

Осыған байланысты Тайланд Корольдігіндегі Қазақстан елшілігі Оңтүстік-Қытай теңізіндегі дауыл мен нөсерлі жаңбыр туралы ескерту жасады.

«Құрметті отандастар, қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар, сақ болыңыздар. Оңтүстік-Қытай теңізінде қалыптасқан «Пабук» тропикалық дауыл Спратли аралының оңтүстік-батыс жағында және Сиам шығанағына қарай жылжуда, 5 қаңтарда Тайланд жағалауына жетеді. Тайландтың көптеген провинциясында 3-5 қаңтар күндері нөсерлі жаңбыр жауады», - деп хабарланды.

«Пабук» - соңғы 57 жылда бірінші рет болып тұрған жойқын дауыл. Андам теңізінде толқынның биіктігі 2-3 метрге жеткен, Сиам шығанағында 3-5 метрге дейін жетуі мүмкін.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы