Бас жаңалықтар
«Таурус» біздікі! Ел тарихында алғаш рет отандық фильм үздік деп танылды
22 Қараша 2020, 15:22 186

«Таурус» біздікі! Ел тарихында алғаш рет отандық фильм үздік деп танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Томирис» фильмі Әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығына ие болды. 

Бұл туралы Nomad Stunts тобы Facebook-тегі парақшасында сүйіншілеген.


«Таурус» біздікі! Сіздермен зор қуанышымызбен бөлісіп тұрмыз. «Томирис» фильмі Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығын жеңіп алды. Бұл каскадерлердің «Оскары» деп бағаланатын марапат. Ел тарихында алғаш рет отандық фильм «Шетелдік фильмдегі трюктер қойылымы» номинациясында үздік деп танылып отыр. Nomad Stunts-қа қолдау көрсетіп, сенім білдіргендеріңізге көп рақмет! Ақан Сатаев пен «Томирис» фильмінің командасына алғысымызды білдіреміз, – деп жазылған Nomad Stunts тобының парақшасында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...