Таулы Қарабах үшін тартыс

16 Ақпан 2020, 16:43
2967
Бөлісу:
Таулы Қарабах үшін тартыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Николь Пашинян 56-шы Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы аясында ұйымдастырылған отырыста Таулы Қарабах тақырыбында пікірталас жүргізді.

Тарихта алғаш рет Әзірбайжан мен Армения басшылары қоғам алдында ашық пікірталас жасады.

Әлиев баяндамасында Таулы Қарабах Әзірбайжанның топырағы екенін және Әзірбайжан жерінің шекара тұтастығының халықаралық қоғам тарапынан танынғанын еске салды. Бүгін Әзірбайжан топырағының 20 пайызының Арменияның басқыншылығы астында екенін және 1 миллионнан астам Әзірбайжан азаматының қоныс аударғанын еске салған Әлиев Әзірбайжан халқына қарсы этникалық тазалау жасалғанын атап көрсетті.

Әлиев Ходжалыда 613 жазықсыз адамның армяндар тарапынан қырылғанын еске салып, "Халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда Қарабах Әзірбайжан топырағы болып табылады. БҰҰ-ның армян әскерлерінің басқыншылықты жоюы керектігі жөнінде 4 қарары бар. Бұл қарарлар орындалмады. Шешім Әзірбайжан шекара тұтастығы негізге алынып қамтамасыз етілуге тиісті" деді.

Пашинян болса Ходжалы қырғынын мойындамады. Мәселенің бейбітшіл жолмен шешілу керектігін қолдаған Армения  премьер-министр Таулық Қарабахта Армения армиясының емес, Қарабах армяндарының қарулы күштерінің бар екенін  алға тартты. Дегенмен кейін өз баласының да Қарабахта майдан желісінде әскерлік қызметін атқарғанын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы