#Тәуелсіздік30: Шілдеде республикалық конкурстар басталады

14 Мамыр 2021, 12:15
1699
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30: Шілдеде республикалық конкурстар басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында шілде айында 30 жаңа жоғары көркем өнер туындыларын әзірлеу үшін «Елім менің» және «Тәуелсіздік толғауы» республикалық конкурстары басталады. Ал олардың қорытындылары Тәуелсіздік күні қарсаңында белгілі болады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 кинотуынды» жобасы аясында идеологиялық және тәрбиелік сипаттағы тарихи, көркем және анимациялық фильмдер әзірленеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында ең күтілетін ұлттық киножоба – «Ұлы дала таңы» тарихи көркем фильмінің тұсаукесері өтеді, - деді министр.
Сонымен бірге «Ұлттық домбыра күні» және Елорда күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінен мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен «Сәлем, Елорда!» фестивалі ұйымдастырылады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің соңғы кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты
30 жұлдызды күн болмақ, оның аясында мәдениет ұйымдарының күндері басталады, күн сайын өнердің барлық жанрындағы жаңа туындылардың тұсаукесерлері өтеді, - деді Райымқұлова.
Жыл бойы өнердің үздік үлгілерін жасауға, бұқаралық спорт пен ішкі туризмді дамытуға және оларды одан әрі ілгерілетуге бағытталған идеологиялық-мазмұнды және сапалы шараларды өткізу жоспарланған.
Өзгелердің жаңалығы