#Тәуелсіздік30. Сеуілде көрме ашылды
PHOTO
10 Қараша 2021, 09:13 88

#Тәуелсіздік30. Сеуілде көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сеулде Palais de Seoul көркем галереясында «Ядросыз әлем» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қолдауымен Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырды. 

Көрме еліміздің тәуелсіздігінің және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған.

Қазақстанның Елшісі Бақыт Дүйсенбаев іс-шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстан ядролық сынақ полигонын жапқан әлемдегі бірінші мемлекет екенін, сондай-ақ көлемі бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқанын атап өтті. Ол 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонын ресми түрде жауып, қазіргі Қазақстанның дамуының негізін қалаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті.

Көрменің ашылу салтанатына дипломатиялық корпус өкілдері, саясаткерлер, қайраткерлер, бизнесмендер, ядролық қарусыздану саласындағы мамандар, сондай-ақ корей университеттерінің ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

Көрме екі бөлімнен тұрады. «Қазақстанның ядросыз әлемге жолы» атты бірінші бөлімде ядролық сынақ полигонына айналған қазақ жерінің қасіретті тарихы көрсетілген. Екінші «Қазіргі Қазақстан» бөлімінде Қазақстанның заманауи дамуы, еліміздің туристік жерлері, қазақ халқының мәдениеті мен тарихы көрсетілген.


Фото: дереккөз
Загрузка...