#Тәуелсіздік30. Алматыда «Ұлы таулардың шыңдары» көрмесі өтті

9 Қараша 2021, 08:33
1020
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Алматыда «Ұлы таулардың шыңдары» көрмесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы таулардың шыңдары» атты көрме өтті.  

8 қазаннан 8 қарашаға дейін Әбілхан Қастеев атындағы Орталық көрме залында «Ұлы таулардың шыңдары» республикалық көрмесі өтті. Онда елдің барлық аймағынан 45 суретшінің жұмысы көрсетілді. Көрмені «Social Development Center» ҚФ  Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырды.

Бір ай бойы ашық болған тегін экспозиция алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтарына отандық суретшілердің 60 астам бірегей кескіндеме туындысын көруге мүмкіндік берді. Картиналардың басты тақырыбы Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасы, оның тарихы мен қазіргі жағдайы болды. 

Қазіргі Қазақстанның өнері сан алуан. «Ұлы таулардың шыңдары» көрмесі біздің өнеріміздің барлық қырын қамтымайды. Оның міндетіне уақыт сипатын қандай да бір дәрежеде көрсететін кіші кескіндеме айнасын жасау жатады. Осылайша мемлекет мәдениетіне нақты үлес қосады. Суретшілер Тәуелсіздіктің идеясын өздерінің туындыларында көрсетіп, халықтың көпғасырлық тарихынан, дәстүрлі мәдениет пен бүгінгі күн әлемінен сюжеттерді табады, –  деп атап өтті мәдениеттанушы Күлжазира Мұқажанова көрменің ресми каталогында.
Хан Тенгри, Шарын, Көлсай, Бурабай және Баянауылдың таңғажайып сұлулығы Омархан Құмар, Сағындықова Мөлдір және Дүйсебеков Сайлаубек пен Дүйсебекова Ләйлә шығармашылық дуэті сияқты суретшілерге шабыт көзі болды. Көптеген қатысушы өз жұмыстарында қала көрінісін көрсетті. Осылай, Әбжанова Анара және Натбаев Жамбыл Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылының көрінісін және Гоголь көшесін, Маталар үйін салды. Кейбір суретшілер тарихи тұлғалардың бейнесіне жүгінді. Сәкен Сейфуллин және Мұқағали Мақатаев сияқты көрнекті жазушылардың портреттерін Кайрамбаев Жұмақын, Кабылбек Аршын және Сырғабаев Санжар көрсетті.

#Тәуелсіздік30. Алматыда «Ұлы таулардың шыңдары» көрмесі өтті

«Ұлы таулардың шыңдары» көрмесі қазіргі қазақстандық суретшілердің шығармашылығы арқылы тәуелсіздік жылдарындағы отандық өнердің жетістіктерін көрсете алды және жаңа есімдерді ашты.

#Тәуелсіздік30. Алматыда «Ұлы таулардың шыңдары» көрмесі өтті

Көрме залында экспозициядан бөлек 3D форматындағы виртуалды көрме жасалды. Көрмені келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://clck.ru/Y4bXW (жақсы сапада тамашалу үшін компьютерді қолдану ұсынылады).

Өзгелердің жаңалығы