#Тәуелсіздік30. Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» кешені салынып жатыр

14 Қазан 2021, 22:24
1334
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» кешені салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының біраз нысандарын аралады. Бұл туралы әкім өзінің парақшасында жазды.

Бүгін әдеттегідей қаламыздағы бірқатар нысандарды аралап шықтым. «Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабындағы өрт сөндіру көліктеріне арналып салынып жатқан гараж-тұрақтың құрылысын қарадым. Бұл нысан қазірде тез өсіп келе жатқан ауданға өте қажет. Осы аудандағы көп қабатты тұрғын үй құрылысының барысымен де таныстым. Жаңадан салынатын саябақтың абаттандырылуын, Әбілқайыр хан даңғылы 82-ші үй ауласының жөндеу жұмыстарын барып көрдім - деді әкім.

Ол қаланың ескі бөлігі Т.Ахтанов көшесіндегі скверді жөндеу мен Шернияз көшесін жаңарту жұмыстарын қарады. 

Мердігер компания басшылығына осы айдың соңына дейін аумақтың тротуарларын жаңалап, жарық шамдарын орнатып жұмысты аяқтауды тапсырдым. Біз көне қаланы абаттандыруға ерекше көңіл бөліп келеміз. Ендігі жылы да осы жұмыстар жалғасып, қаламыздың ескі бөлігі едәуір өзгеретін болады - деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар ол Батыс-2 шағын ауданындағы «Азаттықтың ақ таңы» кешенінің орналасатын аумағымен танысты. 

Кешенді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесіне орай желтоқсанда ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы бұл жердегі Тәуелсіздік көшесі сегіз жолақты болады. Ал, М.Шоқай көшесі Сәңкібай Батыр даңғылына дейін алты жолақты болмақ. Бұл жұмыстар қазірде басталды. Келер жылдың аяғына дейін аяқтауды көздеп отырмыз. Жаңақоныс тұрғын ауданы да жыл сайын ұлғайып, сәйкесінше, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары көбейіп келеді. Осы ауданда орналасқан Алматы көшесі мен онкологиялық ауруханаға, облыстық медициналық орталығына баратын жолды жөндеу жұмыстарын қарап шығып, сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырдым - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы