Тәуелсіздік жылдарында 170 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

23 Ақпан 2021, 13:10
1652
Бөлісу:
Тәуелсіздік жылдарында 170 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты.

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтпек. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан түрлі салаларда, соның ішінде құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. 170 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынса, 1 миллион 600 мыңнан астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарды. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды.  Оның шеңберінде сумен, жылумен, газбен, электр желілерімен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту және реконструкциялау жүргізілді. 3000-нан астам көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға бағытталған басқа да іс-шаралар жүзеге асырылды, - деді ол.

Еркебұлан Дауылбаев 2020 жылдың басынан бері кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы күшіне енгенін жеткізді.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Үкіметке және әкімдерге мүлік иелері бірлестіктері институтын жүргізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Реформа «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» принципі бойынша әкімдерге мүлік иелерінің бірлестігі коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеуге бағытталған. Заңды іске асыруға қажетті нормативтік-құқықтық актілер әзірленді. Реформаны жүйелі түрде іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарда әр көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына өтуі бойынша жол карталары әзірленді, олар министрліктің бақылауында, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы