«Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды

1 Қараша 2021, 20:26
879
Бөлісу:
«Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсе «Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу құрметіне өткізілетін негізгі ісшаралардың апта сайынғы бейнеальманахтары.
 
Бұл жоба ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылды. Қазіргі уақытта кезекті 26-шы шығарылым шықты.
Қазақстан тұрғындары видеодайджесттен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ел өңірлерінде өткен ең басты іс-шаралар, сондай-ақ Қайырымды істер марафонының іске асырылуы туралы біле алады.
 
Осы бейнежоба арқылы қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы елімізде қалай атап өтіліп жатқанын біле алады. Жобалық кеңсе осы мерекелік шараларды үйлестіреді. Жалпы, аптасына әртүрлі форматтағы 150-ден 250-ге дейін түрлі ивенттер өткізіледі, көп жағдайда бұл танымдық ісшаралар. Бейне күнделік Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеудің жалпы көрінісін қарауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Бағлан Айдашов.
 «Тәуелсіздік күнделігі» - «Хабар», «Қазақстан», «АстанаТВ», «Алматы» телеарналарында, кабельдік операторлардың бағдарламааралық бейнематериалдар ретінде көрсетіледі, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кеңінен таратылады.
 
Апта сайын видеодайджест 30jyl.kz – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін барлық ісшаралар туралы анонстар мен жаңалықтар жарияланатын арнайы сайтта орналастырылады.
 
«Тәуелсіздік күнделіктерімен» төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://30jyl.kz/ru/kundelik/
Өзгелердің жаңалығы