Тәуелсіздік алғаннан бері Түркістанда не өзгерді? Шөкеев жауап берді

19 Қараша 2021, 12:54
826
Бөлісу:
Тәуелсіздік алғаннан бері Түркістанда не өзгерді? Шөкеев жауап берді

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. 30 жыл ішінде Түркістанда не өзгерді? Өмір сапасы қаншалықты дұрысталды? Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Түркістан облысының дамуы туралы брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Аз ғана мерзім ішінде жаңашыл мемлекетіміздің негізі қаланды. Қоғамдық сана жаңғырды. Отанымыз өркендеді. Егемен еліміздің мәртебесі әлемдік деңгейге көтерілді. Бұл сөздерді айтуға оңай болғанымен, тәуелсіз ел атану бір бөлек. Оны кезең-кезеңімен нығайту әрі күшейту барлық саланы қайтадан жасақтау, жаңадан бастама көтеру қажырлы еңбекті талап етеді, - дейді әкім.
Сондай-ақ ол 30 жыл ішінде болған негізгі өзгерістерді айтты.
Мәселен, «Кентау трансформатор зауыты», «ҚазақБитум», «Күйдірілген кірпіш өнімдерін шығаратын Бөкей», «Нимекс мақта тазалау зауыты», «Мақта өңдеу зауыты», «Ордабасы құс фабрикасы»,«Құрғақ түйе ұнтағын шығаратын Golden Camel», «Балық өнімдерінің өндірісі Хамит и К», «DalaFruit» сияқты компаниялар құрылды. Бұл экономикалық өсімнің жарқын көрсеткіші болды. Бұдан басқа 300-ге жуық кәсіпорын ашылып, онда 23 мыңға жуық адам жұмыс атқаруда 140 млрд теңгеден астам қаржыға 122 жоба іске асты. 7 340 тұрақты жұмыс орны ашылды, - деп атап өтті Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Өзгелердің жаңалығы