Тәуелсіздік алғаннан бері Ақтөбе облысының халқы екі есе өскен
04 Қараша 2021, 13:49 242

Тәуелсіздік алғаннан бері Ақтөбе облысының халқы екі есе өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  Мемлекет басшысының жолдауы аясында облыстың дамуы туралы есеп беруде. Ол өз баяндамасында осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлім етті. 

Жалпы өздеріңізбен жылына екі мәрте кездесу жақсы бір үрдіске айналды. Осындай жүздесулер көкейде жүрген көптеген сауалдардың еш боямасыз нақты жауабын табуға мүмкіндік береді.

Еліміздің өз алдына дербес мемлекет құрғанына мінеки 30 жыл болды. Тарих үшін аз ғана уақытта ғасырларға жүк болар қаншама істер атқарылды. Оған осы отырған сіздер куәсіздер. Ел куә. Тарих куә, - дейді әкім. 

Оның сөзінше, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан мәселелер шешімін тауып,  халық саны едауір өскен. 

Тоқсаныныншы жылдары ел тәуелсіздігі жарияланған кезеңде  ел экономикасында құлдырау болғаны баршаңызға мәлім. Осыған орай  көптеген ұлт өкілдерінің әртүрлі себептермен тарихи отандарына үдере көшкенінен хабардарсыздар.

Соның салдарынан  халық саны да едәуір азайды. Есесін бүгінгі күні табиғи өсіммен толықтырып отырғаны, елдің еңсесінің тіктелгенінің белгісі. Елімізде жүргізіліп жатқан халық санағының нәтижесі соны көрсетеді, - дейді Ақтөбе облысының әкімі.

Сонымен қатар Оңдасын Оразалиннің айтуынша,  халық саны тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда 2 есеге дейін өскендігін көрсетеді 

Бүгінгі күнге анықталған мәліметтер бойынша Ақтөбе облысында 927 мың тұрғын бар екен. Ал 1991 жылы 740 мың болған. Сәйкесінше, Ақтөбе қаласының тұрғындарының саны бүгінгі күнге шамамен 551 мың құрайды, - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...