Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды

5 Қараша 2021, 14:13
1355
Бөлісу:
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 02.11.2021 жылғы № 1127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 2 қарашадағы № 24999), тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Мына тауарлар бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылады:

- акцизделетін өнімдер бойынша;

- ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан тауарларды әкелу/әкету бойынша;

- «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып берілуге тиіс тауарлар бойынша (ҚР ҚМ 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығымен бекітілген).

Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесі кеңейтіледі. Енді бұл тізбеге құрылыс материалдары енгізілді. Бұл ретте, осындай тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру міндеттемесі 2022 жылдың 1 қарашасынан басталады, ал 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша алдын ала Пилотты жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы