Бас жаңалықтар
Тәттіден бас тарту әдісі табылды
10 Ақпан 2019, 15:11 739

Тәттіден бас тарту әдісі табылды

Астана, BAQ.KZ. Диетологтар тәттіден бас тартуға әдеттендіретін бірнеше әдіспен бөлісті. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлайды.


Ең алдымен қандай да бір іспен айналысу кезінде, мысалы, жұмыс барысында, теледидар тамашалау кезінде тәтті тістеп отыру әlетін қою керек. Дәрігерлер тамақтану кезінде алдағы асқа мән бермеу желінген тағам көлемін қадағалауды қиындататынын айтады. 

Шай мен кофеге салатын қант мөлшерін де біртіндеп азайтып, соңында ыстық сусындарды мүлде қантсыз тұтынуға өзін үйрету де тәттіден бас тартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, диетологтар газдалған тәтті сусындарды рационнан алып тастауға кеңес береді. Себебі, мұндай сусындардың құнарлылығы өте жоғары болады. 

Диетологтар тәттіге деген құмарды басудың ең тиімді әдісі ретінде тәтті тортты жегеннен кейін шай немесе кофе емес, қара су ішуді айтады. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіспен тамақтану тәттіге деген тәбетті кетіреді.

Сізден жаңалық