Бас жаңалықтар
Тастаған қоқысымыз өзімізге ертең ауру болып жабысатынын түсінуіміз керек – сарапшы
28 Қыркүйек 2020, 13:24 145

Тастаған қоқысымыз өзімізге ертең ауру болып жабысатынын түсінуіміз керек – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы экологиялық білім» туралы онлайн сараптамалық баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан NUR ALEM павильонының жетекшісі Әсем Омар айтып берді.

Экологиялық біліммен айналысу Білім министрлігі, Экология министрлігі не жергілікті әкімшіліктің ғана міндеті емес. Ол - әр отбасының міндеті. Үйдегі кішкентай баланың туған жеріне, табиғатына аяушылық, жанашырлық сезімін үйдегі әке-шешесі, ата-әжесі оятуы керек. Ол кісілердің өздері де білімді болулары керек. Бір жағынан былай айтып, екінші жағынан қоқыстың бәрін бір жерге тастап, итті ұрып жатқаны қарама-қайшылық жағдай. Сондықтан әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз – ата-бабамыздан қалған ұлан байтақ жерімізді немқұрайлы қарамау. Тастаған қоқысымыз өзімізге ертең ауру болып жабысатынын түсінуіміз керек, - деді Әсем Омар.
Дүниежүзіндегі әр 6-шы адам ауаның ластануынан қайтыс болып жатыр. Дүниежүзілік теңіз, мұхиттарға 15 млрд тоннадан астам қоқыс тасталған. Осының кеселдерінен көп жануар мен құс зардап шегіп жатыр.

Оның сөзінше, түрлі түсіндірме роликтер жасап, жапсырмалар қойып, қоқыс тастауға, түкіруге болмайтыны сияқты үгіт-насихат жұмыстары тоқтаусыз жүргізу керек.

Экологиялық мәдениетті болу үшін ақылды болудың, эколог немесе мұғалім болудың қажеті жоқ. Ол адамның туа біткен, жанымен, қанымен шығатын сезімі. Ол үшін үйретудің керегі жоқ. Дегенмен кейбір кісілерді үйретуге тура келіп тұр. Өзіміз көріп те жүрміз. Мысалы, жануарларға көрсеткен қатыгездік, Көбейтұз көлі, - деді сарапшы брифинг кезінде.
Сондай-ақ, ол өкінішке қарай, кейбір кісілерге экомәдениетті үйретіп, жаппай сауаттандыруды қолға алу керек екенін алға тартты.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...