Ташкентте ШЫҰ елдерінің шекара басшылары бас қосты

7 Маусым 2019, 16:44
1775
Бөлісу:
Ташкентте ШЫҰ елдерінің шекара басшылары бас қосты

Алматы, BAQ.KZ. Ташкентте сегіз елдің шекарашылары кездесті, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы. 

Кездесу барысында сегіздік өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларын пысықтады. 

Ресей Федерациясының төрағалығымен өткен басқосуда құзырлы орган өкілдері өзара ақпарат алмасып, 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламаның бірінші кезеңін бекітті. Үш жылға негізделген құжатта шекара аумағындағы заңсыз әрекеттердің алдын алу мен келімсектерге қарсы күрес шараларын нығайту көзделген. Шекарашылар бұдан бөлек жалпыға ортақ бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кеңестің кезекті басқосуы келесі жылы Тәжікстанда өткізіледі. 

«Жиында шекара аумағында жүргізілетін әскери операциялардың жоспары қаралды. Онда биылғы жылы басталатын «Ынтымақтастық 2019»  жобасының бірінші кезеңі нақтыланды. Сонымен бірге жоспарда мемлекеттік шекараны күзету тәртібі бекітілді. Әскери шекара құрылымдарының күштері сараланып, операцияның негізгі бөлігі өтетін кезде қай елдің қандай іс-қимыл атқаратыны бекітілді», - дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас штаб бастығының орынбасары Олег Колесников.

Өзгелердің жаңалығы