Тарихтағы екінші қазақстандық. Жалғас Жұмағұлов UFC-ге өтті

21 Ақпан 2020, 04:35
2255
Бөлісу:
Тарихтағы екінші қазақстандық. Жалғас Жұмағұлов UFC-ге өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал промоушен саналатын UFC (Ultimate Fighting Championship) ұйымымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

Осы уақытқа дейін Жұмағұлов 16 жекпе-жек өткізіп, 13 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген. Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 19 қазанында Сочидегі Fight Nights Global 95 турнирінде өткізді. Ол кезде Жалғас төрешілердің шешімімен кезінде UFC белбеуіне үміткер болған Али Багаутиновты (Ресей) жеңді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан атынан UFC-ге өткен екінші спортшы. Бұған дейін промоушенмен келісімшартқа Шавкат Рахмонов отырған еді. Шавкаттың алғашқы жекпе-жегі 21 наурызда Лондонда өтетін Fight Night 171 турнирінде өтеді.

Сондай-ақ, UFC-де Ресейдің атынан шығатын этникалық қазақ Дамир Смағұлов та бар.
Өзгелердің жаңалығы