Елбасы ұсынған кандидат елдегі саяси бағыттың сабақтастығы – атыраулық жастар

24 Сәуір 2019, 09:47
2065
Бөлісу:
Елбасы ұсынған кандидат елдегі саяси бағыттың сабақтастығы – атыраулық жастар
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. 

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев зор сенім артқаны үшін Тұңғыш Президентке және партияластарына алғыс білдірді. 

Сондай-ақ, еліміздің одан әрі қарқынды дамуы жолында Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарын жалғастырып, сабақтастықты қамтамасыз етуді өзінің ең басты міндеті деп санайтынын жеткізді.

Елбасының бұл шешіміне байланысты атыраулық белсенді жастар өз пікірлерін білдірді.

«Бұл партияның шешімін тарихи шешім деп есептеймін. Бүгін елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім білдірді. Әрине, өз басым, соңғы екі айда болған Қасым-Жомарт Кемелұлының істеріне қанағаттанамын. Оның жұмыстарын жеке әлеуметтік желісінен байқауға болады. Өзі тікелей инстаграмнан аккаунт ашу, менің ойымша, үлкен бастама деп есептеймін. Себебі, қазіргі таңда министр болсын, әкім болсын, осы әлеуметтік желі арқылы халыққа жақын бола алады», - деді «Жас Отан» жастар қанатының Атырау қалалық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы.

Елбасы ұсынған кандидат елдегі саяси бағыттың сабақтастығы – атыраулық жастар

Биыл - тарихи жыл. Тұңғыш Елбасы ұсынған кандидат елдегі саяси бағыттың сабақтастығы. Бұл Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы Ислам Әміровтің пікірі.

«Бүгін Nur Otan партиясының кезекті съезінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының керемет сөзін айтып кеткім келеді: «Ел мен Елбасы бірге болса, бірлігіміз мықты болады». Бізге керегі ең бастысы Елбасымызды сайлап, жыл бойы сақтаған татулығымызды жалғастыруымыз керек. Барлық әлем мойындаған Қазақстанды одан әрі дамыту біз секілді жігерлі жастардың қолында дегім келеді», - деді Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы Ислам Әміров. 

Өзгелердің жаңалығы