Тарихи кітаптарының тұсаукесері өтті

19 Маусым 2019, 20:30
1961
Бөлісу:
Тарихи кітаптарының тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Султан қаласындағы MEGA SilkWay ойын-сауық орталығында белгілі тарихшы, ӘЭСИ сарапшысы Радик Темірғалиевтің топтама кітаптарының тұсаукесері өтті. 

«Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Қазақтар мен Ресей», «Соңғы батырлардың дәуірі», «Қазақтар. Бабалар жолы» деп аталатын топтамада қазақтың тарихы мен тарихи тұлғалары кеңінен баяндалады. 

Тарихи кітаптарының тұсаукесері өтті

Радик Темірғалиев – Қазақстан тарихы бойынша түрлі ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы. Оның зерттеулері отандық тарихтың түрлі кезеңдерін қамтиды. Қазақ мемлекетінің құрылуы, көрші елдермен қарым-қатынас, ұлтты сауаттандырудағы алғышарттар, Қазақстан тағдырына ықпал еткен маңызды шешімдерді қабылдаудағы тұлғалар рөлі мен оқиғалар оның қаламынан шыққан.

Тарихи кітаптарының тұсаукесері өтті

Тұсаукесер барысында оқырмандар автордың қолтаңбасы қойылған кітаптарын алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Өзгелердің жаңалығы