Вице-министр: Тарифтерді тұрғындарға күштеп таңу жойылады

28 Қаңтар 2020, 15:27
1668
Бөлісу:
Вице-министр: Тарифтерді тұрғындарға күштеп таңу жойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа заңға сәйкес мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (MМИБ) түрінде коммерциялық емес ұйымның жаңа нысаны құрылып, олар "бір үй – бір МMИБ – бір шот" принципі бойынша жұмыс істейтін болады. 

Яғни, КСК-ның орнына заңды тұлға немесе көппәтерлі тұрғын үйде пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері мүліктің меншік иелері бірлестігін құрғысы келмесе жай серіктестік болады.

Бүгінгі брифинг барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бұл тарифтерді тұрғындарға күштеп таңуды жоюға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

Ұсынылып отырған принцип әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді қарастырады. Әрбір мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік өздерінің ағымдағы және жинақ шоттарын ашады. Бұл шара пәтер иелері кооперативтері және басқарушы компаниялар тарапынан қызметтер мен тарифтерді тұрғындарға күштеп таңуды жоюға мүмкіндік береді және тұрғындар қаражатын ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді, - деді вице-министр.
Заң бойынша пәтер иелері кооперативтерінің орнына көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың 2 нысаны анықталған. МMИБ – заңды тұлға немесе үй иелері мүліктің меншік иелері бірлестігін құрғысы келмесе, заңды тұлға құрмай-ақ жай серіктестік болады.  

Бұл орайда, Қайырбек Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңадан қабылданған заңның негізгі нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 

Аталған заң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын реформалауға, оның ішінде көптеген нормалары жетілдіруді қажет ететін "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңын жетілдіруге бағытталған, - деп атап өтті спикер.


Өзгелердің жаңалығы