Тарбағатайды дамытуға 34,5 млрд теңге инвестиция тартылады

27 Ақпан 2020, 11:53
1685
Бөлісу:
Тарбағатайды дамытуға 34,5 млрд теңге инвестиция тартылады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін киелі Тарбағатай өңіріне арнайы жұмыс сапарымен атбасын бұрған облыс басшысы Даниал Ахметов ауданның алдағы бес жылдағы даму жоспарын жергілікті жұртшылыққа таныстырды.

Ақжар ауылының орталық Мәдениет үйінде аудан белсенділері мен тұрғындарын жинап, кездесу өткізген аймақ басшысы Тарбағатай ауданын дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырып, талқылады. Кездесуге арнайы келген облыс әкімінің орынбасарлары мен облыстық басқарма басшыларын өз салалары бойынша ақпараттық баяндамалар жасап, жұртшылық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Менің берген тапсырмама байланысты құрылған Жұмыс тобы шекаралық аймақтарда орналасқан Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Үржар сынды аудандардың өткен бес жылғы жағдайларын зерделеп, қорытынды шығарды. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан аталмыш аудандарда 194 мың адам, яғни өңір тұрғындарының 14 пайызы тұрып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бүгінде аталған аудандардың барлығында да тұрғындар санының азаюы байқалуда, - деді облыс әкімі өз баяндамасында.
Облыс өңірлерін аралап қайтқан жұмыс тобы мүшелерінің сапарлары барысында шекаралық аймақтарда орналсқан бес ауданды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалды.

Біздің басты мақсатымыз аталған аудандардағы халықтың әлеуметтік мәселелерін оңды шешу, тұрғындарды жұмыспен қамту, өмір сүрулеріне жайлы жағдай жасау. Жасалған жоспарға шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, инженерлік инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады. Бес ауданға құйылатын инвестицияның жалпы көлемі 207 млрд теңгені құрайтын болады. Оның ішінде Тарбағатай ауданына 34,5 млрд теңге бюджет көзінен және жеке инвестициялар қаржысын тарту қарастырылған, - деп қосты өңір басшысы.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында облыс басшысы Ақжар ауылындағы 600 орындық орта мектеп пен 300 орындық интернатты аралап көріп, аудараралық аурухананың жұмысымен танысатын болады.

Өзгелердің жаңалығы