«Таразға тарту», «Жомарт жүрек», «Асар» - Сапарбаев өңірлік бағдарламалармен таныстырды

21 Маусым 2021, 14:27
2334
Бөлісу:
«Таразға тарту», «Жомарт жүрек», «Асар» - Сапарбаев өңірлік бағдарламалармен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде есеп беру кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақта жүзеге асырылып жатқан өңірлік бағдарламалармен таныстырды. 

Оның айтуынша, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру игі үрдіске айналды. 

Соның бірі - «Асар» жобасы. Жоба аясында 2020 жылы 99 мұқтаж отбасы ауылдастарының көмегімен баспаналы болды. Ағымдағы жылы тағы 134 үйдің құрылысы басталып, 14-і пайдалануға берілді. Осылайша, жалпы 2,3 млрд теңгеге 233 үй салынатын болады, - деді ол. 

«Таразға тарту» аясында Тараз қаласы аумағында 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 21 саябақ пен сквер, көшелер жөнделуде, 5 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті сырланды. 

«Жомарт түлек» жобасы шеңберінде табысты түлектердің демеушілігімен 3 STEAM зертханасы ашылып, үш спорт кешені салынған. Тағы осындай төрт кешеннің, алты денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Жалпы түлектер тарапынан 2,8 млрд теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асуда, - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Сапарбаев бес бүлдіршіннің өмірін жалмаған Жаңатаста болған өртке қатысты пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы