«Таразэнергоорталыққа» 4,6 млн теңге айыппұл салынды

9 Қыркүйек 2021, 13:42
1398
Бөлісу:
«Таразэнергоорталыққа» 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі болғандай, «Таразэнергоорталық» АҚ Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау қызметтерін ұсыну бойынша енгізілген болатын.

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жүргізген талдау нәтижесінде «Таразэнергоорталық» АҚ тарапынан бекітілген тарифтік сметаның орындалмағаны анықталды. 

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңының 26-бабының 2-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Жоғарыдағының негізінде, департамент «Таразэнергоорталық» АҚ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, 1600 АЕК мөлшерінде, яғни 4 667 200 теңге әкімшілік айыппұл салды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы