Тараздық полицейлер көпірден секірмек болған жас қызды құтқарып қалды

16 Қараша 2021, 12:20
602
Бөлісу:
Тараздық полицейлер көпірден секірмек болған жас қызды құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының полицейлері көпірден секірмек болған жас қызды құтқарып қалды.

Тараз қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 15 қарашада шамамен түнгі сағат 03:00-де жедел басқару орталығынан көпірдің үстінде тұрған қыз туралы хабарлама алған.

Оқиға орнына жақын жерде болған патрульдік полиция қызметкерлері көпірге тез арада жетіп, онымен сөйлесіп,  райынан қайтарып, құтқарып қалған.

22 жастағы қала тұрғынын Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының капитаны Айдын Абдрахманов және полиция аға лейтенанты Рауан Мирибилдаев полиция басқармасына жеткізген. Ол өзінің  күйзелісте болғанын және суицидке бел бұғандығы жайлы айтқан. Жас қызбен психолог жұмыс істеп жатыр. 

 



Өзгелердің жаңалығы