Таразды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

18 Қараша 2021, 20:47
775
Бөлісу:
Таразды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда қатты желдің салдарынан қираған шатырлар мен құлаған бағаналарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы таратқан мәлімет бойынша, қалада көше жарығының 10 бағанасы қалпына келтіріліп тағы сегізі қалды. Алты тұрғын үй алабы әлі электр желісіне қосылмаған, 6410 абонент бар. Төрт қазандық қосылған, электр қуатының жоқтығынан бір қазандық қосылмаған. Газбен 152 абонент жабдықталған, қалғаны – 74. 16 бағдаршам орнатылды, 17-і қалды. Барлық 12 аялдама қалпына келтірілді.

Құлаған 27 ағаштың қалдықтары алынып тасталды, 18-і қалды.

Қала аумағында 19 мектеп оффлайн, 41 мектеп онлайн режимде оқытылуда. 45 балабақшаның 41-і оффлайн, 4-і онлайн жұмыс жасауда.  Шығындар бойынша есептеулер жүргізілуде, – деді Тараз қаласының әкімдігі.

Барлық коммуналық кәсіпорындар мен мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы