Тараздық ардагерлерге 17 млн теңге көлемінде көмек берілді

9 Мамыр 2020, 09:14
1688
Бөлісу:
Тараздық ардагерлерге 17 млн теңге көлемінде көмек берілді
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының өкілдері Тараз қаласындағы ардагерлердің үйлерін аралап, сый-сияпаттарын табыс етті. "Ардагерлерді ардақтайық" атты партиялық жоба аясында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қарт жауынгерлерге құрмет көрсетті.

Біз сұрапыл соғыста жан аямай жеңісті жақындатқан жандарға ұрпақ алғысын жеткізіп, ерлікті істерге толы естеліктерін еске алуды мақсат тұтамыз. Береке мен бейбіт күн орнатуға асыққан аталарымыздың от пен оқты қатар кешкен жылдарын ұмыт қалдырмай, бүгінгі ұрпаққа барынша насихаттасақ, олардың отансүйгіштік қасиетін оятуға септесер едік, - дейді партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев. 

Оның айтуынша, "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында "Biz birgemiz - Jambyl оblysy" қоры арқылы Тараз қаласында тұратын 33 Ұлы Отан соғысы ардагеріне және 45 тыл еңбеккеріне 50 мың теңге қаражаттан үлестірілді. Сондай-ақ, осындай материалдық қолдау 267 соғыс ардагерлеріне теңестірілген қарияларға берілген.

 

Қазіргі таңда облыс орталығындағы барлық ардагерлерге бағытталған 50 мың теңге көлеміндегі атаулы әлеуметтік көмек бойынша берілген қаржы 17 млн 250 мың теңгенің шамасын құрады. Бүгінде Жамбыл облысы аумағында көзі тірі 57 қарт майдангер бар десек, олардың барлығына партия тарапынан құттықтау хаттары мен сыйлықтарымыз жөнелтілді. Сонымен қатар "Жеңістің 75 жылдығы" мерекелік медальдарымыз табысталды. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтау хаты әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы тапсырылып, ауқымды азық-түлік себеттерін таратқанымызды да айта кеткенім жөн, - деді Б.Нарбаев.
 

Бүгінгі таңда партия тарапынан #Qaharman және #жеңіс_есімдері хэчтегтері арқылы соғыс кейіпкерлері саналатын ардагерлер жайында құнды есткеліктер мен ерліктері жайлы жазбалар жиынтығы әлеуметтік желілер арқылы жиі жарияланып жатқаны белгілі. Ұйымның жергілікті филиалының өкілі отбасыңызда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қариялар жайлы, ол кісілердің ерліктері туралы естеліктер жазып, осы хечтегтермен әлеуметтік желілерге жариялауға шақырды.

 

Өзгелердің жаңалығы