Таразда жеке үй мен кафе, дүкен өртенді

28 Қараша 2020, 12:37
1214
Бөлісу:
Таразда жеке үй мен кафе, дүкен өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатырында өрт шыққан.

 Өрт тұрғын үйдің шатырына тез тарап, содан кейін жанындағы «Санабар»  кафесі шатырына және бір-біріне жақын бекітілген «S-marquet» дүкенінің шатырына жайылған. 

Оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне 19 сағат 19 минутта түсті. Өрт болған жерге алғашқы  есеп тобы бес минутта жетті. Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен 8 мамандандырылған техника, оның ішінде 6 өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды. 

Оқиға орнында полиция, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері, жедел жәрдем, қалалық су шаруашылығы мекемесі және электр жүесі қызметі жұмыс істеді.

Қаза болғандар жіне зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайтын өрт өрт сөндірушілер бір сағаттың ішінде сөндірілді.

Өрттің шығуына мұржаның дұрыс орналаспауы себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы