Таразда жедел шара кезінде 776 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

2 Наурыз 2019, 16:33
1678
Бөлісу:
Таразда жедел шара кезінде 776 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

Тараз, BAQ.KZ. 28 ақпан күні республика бойынша қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуді көздейтін «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық шарасы басталды.


Бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ЖПШ бірінші күнінде Жамбыл облысында ішкі істер бөлімінің мыңға жуық қызметкері жұмылдырылды. Олардың жеделдігі мен жұмыс қабілетінің арқасында 28 тіркелген қылмыстың 18-і ашылды, яғни, 75%. 

«Сонымен қатар, бірінші күні 776 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сегіз адам қабылдау-бөлу орнына тоғытылса, Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерге 20 адам жіберілді, тағы 41 адам фото және видеоесепке қойылды. Сондай-ақ, есепте тұрған 365 адам тексеруден өтті», - деп жазылған хабарламада. 

Жедел-профилактикалық шараның алдағы күндерінде де белсенді жұмыстар атқарылатын болады.
Өзгелердің жаңалығы