Таразда жаңа спорт алаңы ашылды

8 Қазан 2021, 19:25
12555
Бөлісу:
Таразда жаңа спорт алаңы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында жаңа әмбебап спорттық және ойын алаңы ашылды. Бұл облыс орталығының жасөспірімдері, жастары мен ересектері үшін нағыз сыйлық болды.

Спорт алаңы аймақтардан тұрады: жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңы, көше тренажерлары және балаларға арналған әткеншектері, сырғанақтары мен құмдары бар ойын алаңы. Алаңның периметрі бойынша орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Осындай бір кешеннің ауданы 1702 шаршы метрді құрайды.

Таразда жаңа спорт алаңы ашылды

Алаңның ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Samruk-Kazyna Trust қорының өкілдері қатысты.

Мұндай алаңдар балаларға да, ересектерге де қол жетімді, оларға кіру тегін. Алаңдар салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың бұқаралық спортын дамыту, қалалар мен елді мекендердің тұрғындарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылған.

Әмбебап алаңдарды орнату жобасын «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Орнатқаннан кейін алаңшалар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және функционалдылықты сақтау үшін жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне беріледі.

Біз жаңа кешендер балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін ашып, олардың жаңа спорттық жетістіктерге жеткізетін алаңға айналады деп сенеміз. Жалпы алғанда, қор Жамбыл облысында осындай төрт алаңша ашты: Арай-2 және Қаратау мөлтек аудандарында, Байзақ пен Қордай аудандарында, - деп «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас атап өтті.

Жергілікті тұрғындарды алаңға ұқыпты қарауға, оның аумағындағы құрылыстарды бұзбауға және қоқыстарды шашпауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, әмбебап алаңдарды орнату жобасы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Menin Elim» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы