Бас жаңалықтар
Таразда оннан астам сарбаз коронавирус жұқтырған
18 Мамыр 2020, 14:09 81

Таразда оннан астам сарбаз коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы әскери бөлімде сарбаздар ауруға шалдыққан. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны оннан астам адамды құрап отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады. 

Ведомство хабарламасында қызметкерлердің ауру жұқтыруы Оңтүстіктің әскери бөлімдерінің бірінде болғаны айтылған. Қарулы Күштер осы факт бойынша тергеу жүргізген. Жаппай инфекция жұқтырудың себебі аурудың алдын алу шараларының әлсіз болғандығынан дейді мамандар. 

Осыған орай Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты қатаң шаралар қабылданды. Әскери бөлім және медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар хабарламада әскери басшылыққа коронавирус инфекциясы бөлімшелер аумағында одан әрі таралмауы үшін шаралар қабылдауды тапсырғаны айтылды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...