Бас жаңалықтар
Таразда «Нұрлы жер» аясында жылу желілері жаңартылуда
20 Шілде 2019, 07:31 298

Таразда «Нұрлы жер» аясында жылу желілері жаңартылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын жылу желілері жаңасына ауыстырылатын болады, деп хабарлады 24.kz.

Жылыту маусымы басталғанша барлық шаруаны аяқтау үшін мамандар қазір кешке дейін еңбек етіп жатыр. Осылайша 320 көпқабатты тұрғын үйді қамтитын жылу магистралі толығымен жаңартылады. Жоба құны – 7 млрд теңге.

Сондай-ақ былтыр шаһардағы Ниетқалиев көшесіндегі басталған істер де жалғасын таппақ. Жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Кейін жолдарға жаңадан асфальт төселетін болады.

"Жылу құбырлары 1972 жылы салынған. Оны жаңасына ауыстырған кезде, су және жылу берумен қамтамасыз ету 6 процентке артады. Бүгінде жалпы Тараз қаласындағы құбырлардың 68 проценті тозған. Сондықтан мәселені кезең-кезеңмен шешетін боламыз. Сондай-ақ биыл НС-3 сорғы станциясы да ауыстырылады. Нәтижесінде шағын аудандардағы жағдай жақсармақ.  Осы категория бойынша: « Алматыда Ұлттық ұлан офицері балалы әйел мен қарияны өрттен құтқарды", - деді «Таразтрансэнерго» кәсіпорнының директоры Жақсылық Жоғыбаев.





Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық