Таразда көлік жүргізу куәлігін беру ережелеріне өзгеріс енгізілді

18 Сәуір 2019, 16:16
2613
Бөлісу:
Таразда көлік жүргізу куәлігін беру ережелеріне өзгеріс енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын адамдардан емтихан қабылдау Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-сында ғана жүзеге асырылады, деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Құжаттың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты, жүргізуші куәліктерін айырбастау және жүргізуші куәлігін жоғалтқаннан кейін қайта қалпына келтіру Жамбыл облысының аудандарында ғана жүргізіледі. Ал көлікті басқару құқығынан айырылған азаматтар, тиісті «құқықтарын» Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-сынан ғана ала алады.

«Бүгінгі таңда Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-сында теориялық емтихандарын тапсыруға арналған емтихан сыныбы ғана нақты уақыт режимінде теориялық емтиханның тапсырылуын бақылау мақсатында бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ, ХҚКО аумағында практикалық емтиханды автоматты түрде қабылдауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған автодром бар», - делінген хабарламада.

Бейнебақылау жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету процесін нақты уақыт режимінде қарау арқылы теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру процесін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы