Таразда ерікті жастар 4500 маска мен қолғап таратты

2 Сәуір 2020, 05:55
1863
Бөлісу:
Таразда ерікті жастар 4500 маска мен қолғап таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әулиеата жастары" волонтерлік штабы төтенше жағдай кезіндегіжұмыстарын бастаған. Ерікті жастар 4500 маска мен қолғап таратты, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Инфекцияның өршіп кетпеуі үшін аймақтағы ерікті жастар қоғамдық орындардың тазалығына жауапты қоғамдық қызметкерлер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға маска мен қолғап үлестіруді жөн көрген.

Бұған дейін әр ұйым өз бетінше көпбалалы отбасылар мен қарттарға, түрлі әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға көмек көрсетіп келген еді. Енді барлығын жұмылдырып, арнайы штаб құрдық. Штаб құрамына 100 ерікті 5 бағыт бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін облыс волонтерлерінің қолғабыс етуімен әр түрлі салада 107 акция өтті. Акция аясында азық түлікпен 3000-ға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Ертең "Қазпошта" қызметкерлерімен бірлесіп, зейнеткерлерге үйлеріне зейнетақысын апаруды жоспарлап отырмыз. Ерікті жастар азаматтарға қол ұшын беріп, жәрдем беруді негізгі мақсатымыз деп есептейді, - деп мәлім еткен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа.

Волонтерлік штабта қоғамдық тәртіпті, азық-түлік және дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізуге бағытталған "Қоғамдық сақшы" жобасы, қала тұрғындары үшін медициналық бетперделер тігу және таратуға бағытталған "Көмек" жобасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Сондай-ақ егде жастағы қарттарға үй жайын тазалауға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жүріп-тұруына көмек көрсету, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды киім-кешектермен қамтамасыз ету, заңгерлік және психологиялық кеңестер беруге бағытталған "ІТ-Волонтер" жобасы, мұқтаждарға қажетті көмектерді үйге жеткізу, оның ішінде азық-түлік және дәрі-дәрмектерді тасымалдау ісімен айналысатын "Біз біргеміз" жобасы және облыстағы медициналық колледж студенттері мен медициналық білімі бар жастарды қалалық жедел жәрдем жұмысына бағытталған "Таза жүрек" жобасына тартылған.

Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту мақсатында фронт-кеңсе ашу жұмысы да қолға алынған.



Өзгелердің жаңалығы