Таразда ерекше кітапхана ашылды

18 Маусым 2019, 21:29
2969
Бөлісу:
Таразда ерекше кітапхана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнда кітапханашы жоқ. Оқырман өзіне ұнаған шығармасын қажетті құжатсыз-ақ алып, оқып, кейін қайта тапсыра алады, деп хабарлады "ZhambilNews" ақпарат агенттігі.


«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бастама Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылып отыр. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оқырман жауапкершілігін арттыру. Жан азығын сыйлайтын ордадан кітап сүйер қауым 300 ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды таба алады. 

"Ешқандай кітапханашының көмегінсіз-ақ кітапты алып, оны қайтадан өз орнына әкеліп қою қажет. Мақсат – адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру. Мысалы мен бүгін Нарша Қашағанұлының кітабын алдым, ешқандай құжат тапсырған жоқпын", – деді қала тұрғыны Ардақ Сапибулла.

Өзгелердің жаңалығы