Бас жаңалықтар
Таразда «Biz birgemiz» монументі ашылды
28 Қараша 2020, 18:25 208

Таразда «Biz birgemiz» монументі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Таразда «Biz birgemiz» ерекше монументі ашылды. Композиция жер планетасы түрінде жасалған, оның айналасында түрлі мамандық өкілдері - дәрігерлер, полиция қызметкерлері, еріктілер, құтқарушылар, әскери адамдар орнатылған. 

Олар коронавирустық пандемиямен күресте алдыңғы шептен табылғандар. Ескерткіштің жоғарғы жағында бейбітшілік пен келісімді бейнелейтін қарлығаштармен қоршалған шаңырақ орналасқан.

Ашаршылық, соғыс және қуғын-сүргін кезінде ата-бабаларымыз түрлі ұлт өкілдеріне құшақ ашып, қол ұшын созды. Сондағы халықтың бірлігі қиын кезеңдерді өткеруге көмектесті. Биылғы жыл бәріміз үшін ауыр болды. Бұл кезеңде де халқымыз өзінің ең жақсы қасиеттері – бірлік пен ынтымағынан тайған жоқ. Осы ескерткіште көірініс тапқан маман иелерінің күшімен біз жағдайды тұрақтандыра алдық. Бұл әсіресе өз денсаулығына төнген қауіпке қарамай күндіз-түні жұмыс істеген дәрігерлерге қатысты. Өкінішке орай, біз олардың кейбірінен айырылып қалдық. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген еріктілер туралы да айрықша атап өткім келеді. Осындай жастарымыз бар кезде, біз ертеңгі күнге сеніммен қарай аламыз, - деді Бердібек Сапарбаев.




Пандемия біздің бір-бірімізге көмектесу жолындағы берік бірлігімізді көрсетті. Біз, волонтерлар, облыс жастары осындай сын сәтте шетте қала алмадық. Кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмектер жеткіздік. Біз ол үшін ешкімнен ешқандай қайырым күтпейміз, бір ғана «Рахмет» деген қарапайым сөз бізді шабыттандырады, - дейді волонтер, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек.

Аймақ басшысының айтуынша, «Biz birgemiz» монументінің орналасқан жерінің таңдалуы тегін емес екен. Жақында оның жанында бірнеше медициналық мекемелер бой көтереді. Ал монументтің өзі Тараздың көрікті жерлерінің біріне және қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ.        




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...