Таразда Азияның VII агрохимиялық форумы өтті

1 Наурыз 2019, 14:44
1746
Бөлісу:
Таразда Азияның VII агрохимиялық форумы өтті

Жыл сайынғы дәстүрге сай ауылшаруашылығы еңбеккерлері мен минералды тыңайтқыш өндірушілері жиналатын агрофорум 500 адамның басын қосты. Бұл туралы “ZhambylNews” ақпарат агенттігі xабарлады.

Негізгі мақсат – Қазақстандағы агрохимия саласының бүгінгі жағдайын саралау. Жиынға елімізбен қатар, ТМД елдерінің (Ресей, Белорусь, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Литва және т.б.) ауылшаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысты.
Аталған шараның өтуіне отандық ірі компаниялар мұрындық болып отыр.

“Жердің құнарлығына қатысты талап жыл сайын күшейіп келеді. Агрохимия саласындағы профессорлар, ғалымдардың барлығын осы форумға шақыртып, қатысушыларға түсіндіріп жатыр. Қазірде елімізде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі көтеріліп жатыр. Бұл ауылшарушылығы саласында жерлерін тоздырып, қолданбай жатқан адамдар үшін бұл үлкен “сигнал”. Тыңайтқыштарсыз мол өнім алу мүмкін емес. Біз 500 мың тонна биыл шығарсақ, үш жылдан кейін 1,5 млн онна өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. Былтыр 35 пайыз өнім елде қалды, қалғаны экспортқа кетті. Биыл 80 пайызын сырт елдерге экспорттамақпыз”, – деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы, “Қазфосфат” ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров.
    

Өзгелердің жаңалығы