Бас жаңалықтар
Таразда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды
06 Қазан 2021, 17:32 6498

Таразда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері Тараз қаласының теміржол вокзалында Жамбыл облысының 53 жастағы тұрғынын ұстады, одан салмағы 7,5 кг-нан асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлибаев хабарлады.

Оның айтуынша, тәркіленген есірткінің салмағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол марихуананы осы жылдың шілде айының соңында өзі жинап, есірткіні Қарағанды қаласына темір жол көлігімен тасымалдауды жоспарлаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.


 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...