Таразда қалта ұрысы ұсталды

19 Қыркүйек 2020, 03:44
1352
Бөлісу:
Таразда қалта ұрысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ. Тараз қаласының полиция қызметкерлері қалта ұрлығымен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының шағын аудандарының бірінің сауда павильонындағы тұрғындардың бірінен ұялы телефон ұрлады деген күдікпен полиция қызметкерлері 21 жастағы ер адамды ұстады.

Алдын ала тергеу барысында күдікті жәбірленушінің жеке мүлкіне ұқыпсыздық пен қырағылықтың жоқтығын пайдаланып, оның қалтасынан ұялы телефонды жасырын ұрлағаны анықталды. Айта кетерлігі, тәртіп сақшылары павильонның бейне камераларындағы жазбаларды қарау барысында жәбірленушінің дүкен сөрелеріне қарап, жеке мүлкіне назар аудармағаны салдарынан, ұрлықтың сауда сөрелерінің бірінің жанында болғанын анықтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысының ПД басшылығы азаматтарға жеке мүліктеріне қырағы болуды және халық көп жиналатын орындарда болған кезде бағалы заттарды ішкі қалталарында сақтау қажеттігін ескертеді.



Өзгелердің жаңалығы