Таразда 6 қарулы қылмыскер өлтірілді

8 Қаңтар 2022, 15:10
2564
Бөлісу:
Таразда 6 қарулы қылмыскер өлтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында алты қарулы қылмыскер өлтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы жедел штабының мәліметінше, 69 арандатушы ұсталды, бірқатар лаңкестік актінің алды алынған, 6 қарулы қылмыскер өлтірілді. Құқық қорғау органдарының бес қызметкері жарақат алды, 100-ден астам қызметтік көлік бүлінді. Облыс орталығында 11 блок пост қойылды. Соңғы тәулік ішінде қаскүнемдер блок посттарға 4 рет шабуыл жасаған. Қарулы топтар мүшелерін аняқтау және ұстау операциялары жалғасуда. Бұған полиция, ҰҚК, «Оңтүстік» аймақтық командованиесінің 2 мыңнан астам қызметкері мен әскерилер, сондай-ақ 100-ден астам техника бірлігі жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы