Таразда 20 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын жымқырған күдікті ұсталды
22 Қазан 2021, 22:02 873

Таразда 20 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын жымқырған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда тұрғынның 20 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарын жымқырған алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Тараз қаласының полициясына Жамбыл ауданының тұрғыны 42 жастағы әйел хабарласып, 2021 жылдың мамыр-шілде айларында алтын бұйымдарын тиімді сатуға көмектесу үшін белгілі бір әйелдің сеніміне кіріп, алдау арқылы 20 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденгенін айтып шағымданған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 31 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, күдікті кінәсін мойындады. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...