Бас жаңалықтар
Тараз тұрғынынан екі қап марихуана тәркіленді
05 Маусым 2020, 18:45 103

Тараз тұрғынынан екі қап марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараздың 42 жастағы тұрғынынан екі қапқа салынған кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Есірткі затының жалпы салмағы 23 келіден астам. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...