Бас жаңалықтар
Тараз тұрғынынан 21 келіден астам кептірілген марихуана табылды
16 Шілде 2019, 14:28 215

Тараз тұрғынынан 21 келіден астам кептірілген марихуана табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесі күні Тараз қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығында патрульдеу кезінде қала көшелерінің бірінде «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін тоқтатты.

«Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлік салонын тексеру барысында тәртіп сақшылары салмағы 21 келі 360 граммды құрайтын екі қап өсімдік затын тапты. Сараптама оның марихуана екенін көрсетті», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық