Бас жаңалықтар
Тараз карантинге жабылады. Кімдерге рұқсат беріледі?
06 Сәуiр 2020, 20:29 393

Тараз карантинге жабылады. Кімдерге рұқсат беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнде, яғни 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап Тараз қаласында карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай әкімдік облыс тұрғындарына ескертеді:

- Автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады.

- Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

- Адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынады.

- Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.

- Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлік құралдарын басқаруды жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде ғана жүзеге асыруға міндетті.

- Сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, барлық азық-түлік емес тауарлар сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқтатылады.

- Банк бөлімшелері және ломбардтар, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері, қонақ үйлер, сондай-ақ дөңгелек монтаждауға арналған жеке тұрған бокстарды (екіден көп емес) қоспағанда, барлық қызмет көрсетулер тоқтатылады.

- Мейрамханаларға, дәмханаларға, барларға, асханаларға және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарына "тұтынушыларға жеткізіп беру" режимі бойынша сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

- Меншік түріне қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру, дайындық және дамыту орталықтарының қызметі тоқтатылады.

- Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына баруына тыйым салынады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...