Тараз қаласына жаңа прокурор тағайындалды

25 Ақпан 2019, 12:21
2323
Бөлісу:
Тараз қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Елдос Әмірхан Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бас прокурордың бұйрығымен Елдос Әмірхан Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды", - делінген баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Елдос Әмірхан прокуратура органдарында 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұның алдында Жамбыл облысы прокуратурасында түрлі қызметтерді атқарған, Бас прокуратураның соттарында мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінде, бас прокурордың аға көмекшісі қызметтерін атқарған.

2017 жылдың шілдесінен бастап Бас прокуратураның құқық қорғау қызметтері орталығында бас прокурордың аға көмекшісі қызметінде болған.

Өзгелердің жаңалығы