Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгереді

25 Маусым 2019, 17:16
3627
Бөлісу:
Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданының атауын Бейімбет Майлин ауданына өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Өзгелердің жаңалығы