Ер адам телефоннан ондаған тарақан тауып алды

10 Қаңтар 2019, 12:44
2607
Бөлісу:
Ер адам телефоннан ондаған тарақан тауып алды

Астана, baq.kz. Сиднейде австралиялық азамат қабырғаға ілінген телефонның астынан тарақан тауып алды. Бұл туралы Daily Mirror жазады.

Ер адам қабырғадағы жұмыс істемей тұрған құрылғыны көреді де, ішінде не бар екен деп тұтқасын көтереді. Оның астынан ондаған өлген жәндік шығады.

Тарақандардың ұзындығы үш сантиметрден асады. Ер адам оларды телефоннан алып тастаған кезін камераға түсіріп алып, Facebook-ке жүктеген.


 

Өзгелердің жаңалығы