Тәптіпсіздік кезінде темір жолға зиян келмеген

8 Қаңтар 2022, 10:08
1518
Бөлісу:
Тәптіпсіздік  кезінде темір жолға зиян келмеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде темір жолға залал келген жоқ.

Бұл туралы «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Пойыз қозғалысы толық жанданған соң вагондардың іші жолаушыларға лық толды. Осыған байланысты ұлттық компания басшылығы қосымша пойыздарды іске қосты. Сонымен қатар күні кеше жолаушылар интернетке қосылмай билеттерді ресми сайттан және Kaspi.kz қосымшасы арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл вокзал кассалары алдындағы ұзын-сонар кезектің алдын алды.

Билеттерді Bilet.railways.kz сайты арқылы да білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы