Танымал репер Децл қайтыс болды

3 Ақпан 2019, 12:35
2522
Бөлісу:
Танымал репер Децл қайтыс болды

Астана, BAQ.KZ. Танымал ресейлік репер Кирилл Толмацкий қайтыс болды. Ол тыңдармандарға Децл есімімен танымал еді.

Әзірше қайғылы жағдайдың мән-жайы белгісіз.

Кирилл Толмацкий 1983 жылы 22 шілдеде Мәскеуде дүниеге келген.

Бірінші рет ол Ресей астанасында өткен Adidas StreetBall Challenge фестивалінің сахнасында өнер көрсетті.

Осылайша ол танымал бола түсті. 2000 жылдары репер "Кто ты?" альбомын миллион тиражбен шығарды. Оның "Слезы", "Вечеринка", "Кровь моя, кровь" композициялары ел арасында кеңінен таралды.

Өзгелердің жаңалығы