Тәліптер Ауғанстанды толық басқаруға алғанын мәлімдеді

12 Қыркүйек 2021, 09:45
1615
Бөлісу:
Тәліптер Ауғанстанды толық басқаруға алғанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тек елдегі оппозицияны біріктіріп отырған ұлттық қарсылық күштері ғана көнбей отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы кезде тәліптер өз мақсаттарын орындағанын масаттана жеткізіп, Қандағар қаласына көлікпен тізіліп кірді. 

Енді елдің барлық түкіпірінде тәртіп орнататындарына сенімді. Дегенмен олардың ойы қаншалықты іске асады, ол әлі белгісіз. Өйткені көп ел тәліп билігін мойындағысы жоқ. Бүгін Франция тарапы тағы да тәліптердің бірқатар шетелдік пен ауған азаматтарын елден шығармай отырғандығына наразылғын білдірді.  

Өзгелердің жаңалығы