Тәліптер Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салды
03 Қараша 2021, 09:15 117

Тәліптер Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысы (террорлық деп танылған және Қазақстанда тыйым салынған) күрделі экономикалық жағдайға байланысты елде айналымдағы шетел валютасын пайдалануға тыйым салды, деп мәлімдеді қозғалыстың өкілі Забихулла Муджахид. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Елдегі экономикалық жағдай мен ұлттық мүдделер барлық ауғандықтардың кез келген транзакцияда тек ауған валютасын (Ауғанстанның ақша бірлігін - ред.) пайдалануын талап етеді. Ислам Әмірлігі барлық азаматтарға, дүкен иелеріне, бизнесмендерге шетел валютасын пайдаланудан бас тартуды тапсырады, – делінген Талибан өкілінің Twitter-де таратқан мәлімдемесінде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...